6 өңірде алыс жолға шығатын жүргізушілерге ескерту жасалды

181

27 желтоқсанда еліміздің алты облысындағы тасжолдың көрінуі нашарлауы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

6 өңірде алыс жолға шығатын жүргізушілерге ескерту жасалды Фото: 56.mchs.gov.ru

"ҚазАвтоЖолдың" хабарлауынша, 27 желтоқсанда Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Абай облыстарының тас жолдарына қар жауып, ауа райы күрт нашарлайды.

"Осыған байланысты жүргізушілерден қауіпсіздік ережелерін сақтап, жолдардағы ауа райының нашарлауын ескеруді сұраймыз. Call Center 1403 нөміріне қоңырау шалу арқылы тәуліктің кез келген уақытында қосымша ақпарат алуға болады", – деп хабарлады ұлттық компания.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу