Солтүстік Қазақстан облысында "Қызылжар жастары" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталады. Ипотека беру былтырдан бастап жүзеге асырылып келеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мөлшерлеме – 6%, бағдарламаға жасы 35-тен аспаған жас мамандар мен жас отбасылар қатыса алады.
"Қызылжар жастары" бағдарламасының шарттары:
- мөлшерлеме – 6 %;
- бастапқы жарна – 10 %;
- мерзімі – 19 жыл;
Несиенің ең жоғары сомасы:
- Петропавл қаласында – 15 млн теңге;
- Облыс аудандарында – 10 млн теңге.
- Облыс маңындағы бірінші немесе екінші нарықтағы тұрғын үйді алуға болады.
Қатысушыларға қойылатын басты талаптар:
- Жасы 35-тен аспауға тиіс (өтінім берген сәтте);
- Соңғы жұмыс орнында кемінде 6 ай еңбек өтілі болуы қажет;
Мына салалардың бірінде ресми түрде жұмыс істеуі керек:
- денсаулық сақтау;
- ветеринария;
- мәдениет;
- спорт;
- әлеуметтік қорғау;
- азаматтық қорғаныс;
- энергетика.
Қатысушылар балдық жүйе бойынша іріктеледі.
Ол кезде мыналар ескеріледі:
- әлеуметтік статусы;
- отбасылық жағдайы;
- баласы бар-жоғы;
- кәсіби тәжірибесі.
Өтінім 26 мамырдан 11 маусымға дейін қабылданады.
Құжаттарды Петропавл қаласы, Конституция көшесі, 58а мекенжайындағы Азаматтарды қабылдау орталығында тапсыруға болады.
Жұмыс кестесі: сағат 9:00–18:30, үзіліс сағат 13:00–14:30.