6 тонна сұлы жанып кетті

1027

Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.

6 тонна сұлы жанып кетті

Шарбақты ауданының Богодаровка ауылында Школьная көшесінде өрт шықты. Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"№ 7 өрт сөндіру бөлімінен 15 шақырым қашықтықта жеке тұрған шаруашылық алаңында ағаш құрылымдар мен шифр төбе жанып, 32 шаршы метрі құлап түскен. Ол жерде 6 тонна сұлы болған. Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Оқиға орнына 5 адам мен бір техника шықты", – дейді департаментте.

Сондай-ақ Ертіс ауданының Ертіс ауылында Гагарин көшесінде көмір қоймасында тұрған ағаш құрылымдар мен 25 шаршы метр қабырға жанған. Тілсіз жауды ауыздықтауға 4 қызметкер мен бір техника жұмылдырылды.

Келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу