"Бюджет шығысын оңтайландыру мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттің шығысын оңтайландырудың әдістемелік негізі әзірленеді. Мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесіне "Сатып алудың бірыңғай терезесі" сервисі қосылады. Мемлекеттік органдарды автокөлікпен қамтамасыз етудің жаңа нұсқасы даярланады. Дағдарысқа қарсы жұмсалатын қаражат тиімділігінің мониторингі мен бақылауы күшейтіледі және мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігіне талдау жүргізіледі", – деді Ерлан Жамаубаев.
Министрдің мәлімдеуінше, жоспар үкімет басшысы барлық мемлекеттік органдар мен бағдарлама операторларына 1 наурызға дейінгі мерзімде мемлекеттік және салалық бағдарламалардың көрсеткіштері мен нысаналы индикаторлары бөлігінде мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін мониторингтеу әдістемесіне ұсыныс енгізу сондай-ақ ай сайын қаржы министрлігіне мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру жөнінде тиісті ақпарат беру талап ететін тапсырма жүктеген жағдайда жүзеге асады.
"Осы шаралардың барлығы Мемлекет басшысының тапсырмаларын және жаңа бастамаларды қаржыландыру үшін қосымша ресурстарды анықтауға, сондай-ақ бюджеттік жоспарлаудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді", – деді Ерлан Жамаубаев.
Оның айтуынша, салықтық-кедендік әкімшілендіруді цифрландыру үшін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ашқан жұмыс орындары мен жұмысқа орналастырылған азаматтар туралы мәліметтер электронды түрде қабылданады.
"Жақында бюджеттен, оның ішінде "Жұмыспен қамтудың жол картасы" шеңберінде қаржыландырылған мемлекеттік бағдарламалардың қатысушыларын қашықтан бақылау және талдау жүргізілді. Нәтижесінде жалпы құны 7,2 млрд теңгені құрайтын 20 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталып, дер кезінде жойылды. Бұл бағыттағы жұмыс күшейтіледі", – деді Ерлан Жамаубаев.
Қанат Махамбет