"7-20-25" шарттарымен көлік сату бағдарламасы 1 ай көлемінде дайын болады

1065

Жаңа бағдарламаны Қазақстанның автобизнес қауымдастығы мен Ұлттық банк бірлесіп, іске қосады.

"7-20-25" шарттарымен көлік сату бағдарламасы 1 ай көлемінде дайын болады

Қазақстанның автобизнес қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев "7-20-25" шарттарымен көліктерді сату бағдарламасы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазіргі кезде біз Ұлттық банк пен Қазақстанның Даму банкімен аталған бағдарламаны пысықтап жатырмыз. Меніңше, бір айдың ішінде оны рәсімдеп аламыз. Содан кейін іске асыру шаралары басталады. Осы бағдарламаның қаржысы әлі түскен жоқ. Себебі мамандар оның негізгі шараттарын сараптап жатыр. Проценттік мөлшерлеме, негізгі кезеңдері, іске асыру тетіктері – осының бәрін жан-жақты қарастырып шығу қажет", – деді Андрей Лаврентьев агентікке берген сұхбатында.

Оның айтуынша, бір-бір жарым айдың ішінде жаңа бағдарлама толығымен дайын болады.

"Жаңа бағдарлама Ұлттық банкпен бірлесіп, іске қосылады. Қазіргі кезде бағдарламаның барлық параметрлері талқыланып жатыр. Сосын оны тиісті органдармен келісіп алу қажет. Бұған дейін бізде бір автонесие бағдарламасы қолға алынған болатын. Тура сондай механизммен жаңа бағдарлама да іске қосылатын болады", – деп атап көрсетті Андрей Лаврентьев.

Еске сала кетейік, 30 қаңтарда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасын іске қосуды ұсынған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу