7 айда 13 мың мас жүргізуші ұсталды

910

Биыл қаңтар-шілдеде 4 млн-ға жуық жол ережесін бұзу дерегі тіркелген. 

7 айда 13 мың мас жүргізуші ұсталды

2021 жылғы 7 айда мас күйде көлік жүргізген 13 мыңнан аса жүргізуші ұсталды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ол биыл 7 айда 4 млн-ға жуық жол ережесін бұзу дерегі анықталғанын жеткізді. Оның ішінде 1 млн 400 мыңы көлік жылдамдығын арттыру, 1 мыңға жуығы жол белгісі мен таңба талабын бұзу.

"13 мыңнан аса жүргізуші мас күйде көлік басқарғаны үшін ұсталды. 10 мыңнан аса жүргізуші жол ережесін бұзғаны үшін көлік жүргізу құқығын айырылды, 2 мыңға жуық адам әкімшілік қамауға алынды", - деді Серік Түсіпов ІІМ-де өткен онлайн баспасөз мәслихатында. 

Дәурен Ерболат 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу