"7 млрд теңге емес, 3 млрд теңге": ТЖМ тасқынмен күреске қанша қаржы бөлінгенін айтты

752

Бұл қаражат жергілікті әкімдіктердің бюджетінде қарастырылады. 

"7 млрд теңге емес, 3 млрд теңге": ТЖМ тасқынмен күреске қанша қаржы бөлінгенін айтты Фото: primeminister.kz

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Үкімет отырысынан кейінгі брифингте су тасқынымен күреске қанша қаржы бөлінгенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналист ТЖМ өкілінен "Су тасқынының алдын алу және салдарын жоюға 7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінгені айтылды. Бұл қаражат қайда жұмсалды?" деп сұрады. 

"Негізінде 7 млрд теңгеден астам ақша бөлінген жоқ, бұл қарастырылды. Осыны дұрыс түсінген дұрыс. Бұл қаражат жергілікті атқарушы органдардың бюджеттерінде қарастырылады. Әкімдіктердің дерегінше, бүгінде осы қаржыдан 3 млрд теңгеден астам бөлінген. Бұл қаражаттың бәрі су тасқынын ескертуге және онымен күресуге бағытталып жатыр", - деп жауап берді вице-министр.

Айта кету керек, осыған дейін тасқын салдарынан қанша үй су астында қалғанын жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу