7 облыста 22 су қоймасы салынады

1090

7 облыста 22 су қоймасы салынады

Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары комитетінің төрағасы И. Әбішев су ресурстарының жағдайы және болашағы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды mgov.kz.

Суармалы жерлер, суарылмайтын жерлерден өнімділігі бойынша 8-10 есе артық екенін атап өту қажет.

Тиісінше, оларды айналымға енгізу ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің артуына әсер етуі мүмкін, бұл бүгінгі күні экономиканың негізгі міндеті болып табылатынын белгілеу қажет.

Сараптамалық бағалау бойынша, суармалы жерлердің әрбір 1 000 гектары дақылдарға байланысты 60-200 адамды жұмыспен қамтиды.

Мембағдарламаның шеңберінде 610 мың гектарды тұрақты суармалау үшін ирригациялық жүйелерді және 370 гектарға жуық көлтабан суландыруды қалпына келтіру, яғни суармалы жерлер алаңын 40 пайызға немесе 1,4 есеге кеңейту жоспарлануда.

Тартылудағы қарыздар есебінен суармалы жерлерді қалпына келтіру кезінде каналдарды орналастырудың және суды есептеудің заманауи технологиялары қолданылатын болады, бұл каналдар мен ирригациялық жүйелердің ПӘК арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ су менеджментін және тариф бойынша төлемдердің жиналымдылығын іс жүзінде жақсартады.

Мысалға, ағымдағы жылы 35,4 мың га алаңдағы Алматы облысының және 101 мың га Оңтүстік Қазақстан облысының ирригациясы мен дренажын қалпына келтіру үшін "Қазсушар" РМК-на Суармалы жерлердің суаруын қалпына келтіру мақсатында, алаңы 92,7 мың Ақтөбе, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының су шаруашылығын және гидромелиоративтік жүйелерін қайта жаңғырту бойынша жобаны іске асыру үшін Еуропалық қайта құру және даму банкінен қарыз тарту туралы келісімге қол қойылды.

2017-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарында 41 апатты су қойманы қайта жаңғырту көзделген, оның негізгі мақсаты су шаруашылығы объектілерін қауіпсіз пайдалану болып табылады.

7 облыста орналасқан, жалпы сомасы 57,2 млрд теңге, көлемі 1,9 млрд м3 суды қосымша шоғырландырумен 22 жаңа су қойма салу жоспарлануда.

Үкіметтің тапсырмасы бойынша гидромелиоративтік жүйелерді республикалық меншікке тапсыру бойынша жұмыс жүргізілуде. 2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, сұранысқа ие 610 мың га гидромелиоративтік жүйелерден (бұдан әрі – ГМЖ) 230,0 мың га республикалық меншікке "Қазсушар" РМК теңгеріміне тапсырылған – деп белгілеп өтті И. Әбішев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу