7 тамыз Грузияда қаралы күн болып жарияланды

836

Көшкін салдарынан 7 адам қаза тапты

7 тамыз Грузияда қаралы күн болып жарияланды

Шови курортында болған қайғылы жағдайға байланысты 7 тамыз елде қаралы күн болып жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. Бұл туралы Грузияның Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвили мәлімдеді.

Еске салайық, Шовидегі көшкіннен 7 адам қаза тапты. Жер астында қалған 30 адам әлі іздестіріліп жатыр. 140 адам, соның ішінде балалар эвакуацияланды.

Бұған дейін Грузияның Рача биік таулы аймағында көшкін жүріп, "Сансет Шови" қонақ үйінің аумағынан 70 адам құтқарылған.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу