700 млн теңгеден астам қаржы игерілмеген

862

Биылдың өзінде ғана тұрғын үйлерді салуға аймаққа 21 млрд теңге беріліп, жалпы аумағы 235 мың шаршы метрді құрайтын баспаналар тапсырылады деп күтілген. 

700 млн теңгеден астам қаржы игерілмеген

Солтүстік Қазақстан облысында көпқабатты тұрғын үйлердің аталған мерзімінде қолданысқа берілмейтін түрі бар, деп хабарлайды Atameken Business.

Жалпы биыл 2 мың пәтердің мәселесі бітеді деп күтілген. Алайда аймақтағы құрылысқа бөлінген қаржы толығымен игерілмеген. Оған мердігер компаниялардың құрылыс кестесінен кенжелеп жатқаны түрткі болуда.

Айта кету керек, дәл осы сала бойынша Солтүстік Қазақстан өңірлердің арасында ең соңғы орындардан көрініп келеді. Ал облысқа бөлінген инвестицияның көлемі, әлбетте, аз емес. Биылдың өзінде ғана тұрғын үйлерді салуға аймаққа 21 млрд теңге беріліп, жалпы аумағы 235 мың шаршы метрді құрайтын баспаналар тапсырылады деп күтілген. Оның ішінде әлеуметтік аз қамтылғандарға Нұрлы-Жер бағдарламасымен ұсынылатын 482 пәтер бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу