"Бүгінгі таңда жұмыс орындарын сақтау және құру үшін жұмыспен қамтудың жол картасы жүзеге асырылып жатыр. Зардап шеккен салалар үшін салықтық ынталандыру шаралары қабылданды. Шағын және орта бизнесті жеңілдікпен несиелендіру аясы кеңейтілді. Айналым капиталын қаржыландыру ұлғайтылды. Жеңілдетілген шарттармен несиені қайта қаржыландыру, сондай-ақ несие бойынша төлемдерді кейінге қалдыру ұсынылды. Бюджеттік және мемлекеттік басқарудың икемділігі қамтамасыз етілді. Бюджеттік ынталандыру артты.
Нәтижесінде 1,4 млн адам жұмыспен қамтылды. 700 мың кәсіпкерге салықтық жеңілдік берілді. Зардап шеккен салалардағы қарыз алушылардың 80%-ның несие төлемі кейінге қалдырды", – деді Руслан Дәленов.
Қанат Махамбет