Екібастұз маңында пойыз автобуспен соқтығысты

851

Екібастұз маңында пойыз автобуспен соқтығысты

Павлодар облысында жүк пойызы автобуспен соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"2018 жылдың 2 маусымы күні сағат 20:20-да Павлодар облысының Екібастұз қаласынан 36 км қашықтықта жатқан "Үшқұлын" жол өткелінде "Үшқұлын-Павлодар" бағытымен жылжып бара жатқан пойыз бен ішінде жергілікті кәсіпорындардың бірінің 11 жолаушысы бар автобусы соқтығысты. Үш жолаушы жеңіл жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетілді. Көліктердің соқтығысуына байланыстьы тесеру жүргізіліп жатыр. Ол ҚР бас көлік прокуратурасының басты назарында", - деді бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметінен.

"ҚТЖ-жүк тасымалы" АҚ өкілдерінің мәліметінше, оқиға "Үшқұлын-Тоқубай" бағытының Павлодар-Екібастұз бөлігінде болған. Жүк пойызының машинисі сағатына 22 км қашықтықпен жүріп келе жатып, Паз маркілі автобустың теміржолға шығып кетуіне байланысты тежегішті шұғыл түрде іске қосқан. Апаттың алдын алудың мүмкіндігі болмай, соның салдарынан автобус жол жиегіне шығып кеткен.

"Оқиға орнында желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Осы оқиғаға байланысты жазылған актіде көлік апатына автокөлік жүргізушісінің теміржолдан өтер тұста тәртіп сақтамағандығынан болғандығы айтылған. Автобус жүргізушісі оқиға болған сәтте ұялы телефонмен сөйлесіп, жүруге рұқсат етілмеген белгіге тоқтауды естен шығарғандығын мойындады. Теміржол өткелінде арнайы дыбыс белгісі орнатылған және ол жол-көлік оқиғасы болған кезде дұрыс жұмыс істеп тұрған", - деп мәлімдеді компания өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу