Қазақстанға 8 айда ғана 923 млн долларға дәрі-дәрмек импортталған. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 39 процентке артық, деп хабарлайды Atameken Business.
Жалпы медициналық тауарларға жұмсалған қаржыға тоқталсақ, былтыр бір жылда еліміз шетелдік тауарларды сатып алуға 2 млрд доллар жұмсаса, биыл тек 8 айда ғана 1 млрд 7 млн доллар ақша шығындаған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30%-ға артық (1,3 млрд USD). Әсіресе, шілде айында, яғни коронавирус өршіген кезде сырттан 297 млн долларға медициналық тауарлар сатып алынып, көрсеткіш рекордтық деңгейге жеткен. Бұл 2019 жылдың шілдесіне қарағанда 46%-ға жоғары. Статистикалық ақпарат "Трейд репорт" ресми сайтынан алынды.