8 наурыз мерекесіне орай 36 мың елордалық әйелге біржолғы әлеуметтік төлем беріледі

186

Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

8 наурыз мерекесіне орай 36 мың елордалық әйелге біржолғы әлеуметтік төлем беріледі Фото: istockphoto.com

Халықаралық әйелдер күніне орай, елордада 36 мыңға жуық көпбалалы отбасылар, көпбалалы аналар, оның ішінде әлеуметтік аз қамтылған аналар біржолғы әлеуметтік төлем алады.

Әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлемелерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға – 36 мыңға жуық азаматқа 2,5 АЕК (9830 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілетін болады.

"Төлем көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, оның ішінде Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын әлеуметтік аз қамтылған аналарға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Әлеуметтік төлемдер орталығының тізімдері негізінде жүзеге асырылады", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу