8 жанның өмірін қиған жол апаты: Жарақат алған үш адамның қазіргі жағдайы қалай?

563

Жантүршігерлік жол апаты кеше таңертең Ақтөбе облысында болған еді. 

8 жанның өмірін қиған жол апаты: Жарақат алған үш адамның қазіргі жағдайы қалай?  Фото: Куәгерлерден

Мұғалжар ауданының Сағашилі ауылы маңында "Lada Largus"  және "Toyota Hilux" көліктері соқтығысты. Жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушылары түгелдей жанып кетті. Қаза тапқандардың төртеуі – бала. Екінші көлікте болған ерлі-зайыпты мен олардың 15 жастағы ұлы кеше аудандық ауруханаға жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілген болатын. Кейін олар облыс орталығына жеткізілді. Жағдайлары қалыпты.

"Жол апатынан жарақат алған 1974-інші жылғы ер адам мен 1981-інші жылы туған әйел Облыстық көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізілді. Екеуі де бастарынан жарақат алған, милары шайқалған. Ер азаматтың иығы, ал әйелдің оң жақ бұғанасы сынған. Ота жасауға дайындап жатырмыз", - деді Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасының дәрігер-травматологы Жасұлан Орымбаев.

Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Әзірге апатқа нақты қай көліктің жүргізушісі кінәлі екені белгісіз. Ол сараптама жұмыстарынан кейін ғана анықталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу