82 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз келе алады

330

Халықаралық әуе қатынасы 108 бағыт бойынша 29 елге орындалады. 

82 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз келе алады Фото: zagranitsa.com

Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Бүгінгі таңда 82 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз келе алады. Халықаралық әуе қатынасы 108 бағыт бойынша 29 елге орындалады. Ауа еркіндігінің бесінші дәрежесінің арқасында IndiGo, AirAsia X, FlyNas сияқты шетелдік әуе компанияларының әуе кемелері жиілігі мен түрлері бойынша шектеусіз Қазақстанның бірқатар әуежайына ұшуды орындау құқығына ие болды. Қазақстан ішінде Qazaq Air жергілікті әуе компаниясының Самарқанд-Түркістан бағыты іске қосылды. Сонымен қатар жазғы маусым қарсаңында Қазақстанның курорттық аймақтарында маусымдық рейстердің жиілігі мен санын арттыру мәселесін пысықтау қажет. Мәселен, өткен жолғы рейстердің саны Алакөл көлінде демалғысы келетіндердің ағымын қамтымағанын көрсетеді", - деді ведомство басшысы.

Министр 2024 жыл Қытайдағы Қазақстан туризм жылы болып жарияланғанын еске салды. 

"Өткен айда Бейжіңде туризм жылының ашылуы өтіп, оның аясында екі елдің туристік бизнесінің 300-ден астам өкілдерінің қатысуымен форум өтті. Қытайдағы Қазақстан туризм жылының ресми жабылуын биылғы жылдың соңында Алматы қаласында өткізу жоспарланған", - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Айта кету керек, осыған дейін Премьер-Министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында ішкі туризмді дамытудағы кедергілерді атағанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу