9 айда Ұлттық қордан 2,6 трлн теңге бөлінген

1072

9 айда Ұлттық қордан 2,6 трлн теңге бөлінген

Үкімет тоқырауға ұшыраған экономиканы қаржыландыруын әлі жалғастырып жатыр. 2016 жылдың қаңтар-қазан айларында Ұлттық қордан бөлінген қаржы көлемі 2,6 трлн теңгені құрады. Бұл 2015 жылдағы шығынмен салыстырғанда 23%-ға артық. Бұл туралы  Finprom.kz сараптама қызметіне сілтеме жасап  7kun.kz хабарлайды.

Ұлттық қор трансферті ұлғайғанымен Қазақстан резервіне келетін қаржы көлемі азайып кетті. Қара алтын бағасының төмендеуіне байланысты мұнай өндірісінен келетін табыс 2016 жылдың қаңтар-қазан айларында 1,2 трлн теңгеге дейін кеміді.

Пайдалы қазбалардың өндірісіне алынатын салық түсімі де айтарлықтай азайды. Бір жыл ішінде оның көлемі 199 млрд теңгеге немесе 50%-ға төмендеді.

Осы аралықта өз пайдасын жоғалтпаған сала — Ұлттық қор басқаруындағы инвестициялық табыстар. Жалпы қоры 176 млрд теңгеге дейін көбейіп, салық түсімдерінің азаюының орнын толтырды.

Үкімет жоспары бойынша, Қазақстан экономикасына бөлінетін қаржының басым бөлігі осы жылы жүзеге асырылған. 2016 жылдағы мақсатты трансферттер көлемі 753 млрд теңгені құрайды. Келесі жылы бұл көрсеткішке 41%-ға азайып, 441,6 млрд теңгені құрауы мүмкін.

Қаржыландырудың көп бөлігі тұрғын-үй құрылысы жобаларына кетті, осы мақсатта 254 млрд теңге бөлінген (Ұлттық қор трансфертінің 34%-ы). Келесі жылы бұл секторды қолдау деңгейі шамамен осындай болады. Жоспар бойынша, 2017 жылы тұрғын-үй құрылысына 246,4 млрд теңге бөлінуі керек.

Қомақты қаржы облыстық бюджеттерге, Астана, Алматы қалаларының бюджетіне және білім беру объектілерін қайта жөндеуден өткізуге беріледі. Биыл бұл жобаларға 57,4 млрд теңге қарастырылған еді. Облыстар мен Астана, Алматы қалаларындағы жылу, сумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңаландыруға Ұлттық қордан 53 млрд теңге бөлінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу