9 өңірде топтық су құбырларын салу жұмыстары басталды

202

Құрылыс жұмыстарын алдағы екі жылда аяқтау жоспарланып отыр. 

9 өңірде топтық су құбырларын салу жұмыстары басталды Фото: Pixabay.com

Су ресурстары және ирригация министрлігі 1 млн астам тұрғыны бар елді мекендерде топтық су құбырларын салу және реконструкциялау жобасын бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 28 жобаны іске асыра бастады. Бұл жұмыстардың нәтижесінде, 1,1 млн тұрғыны бар 426 елді мекенде ауыз сумен қамтамасыз ету сапасы жақсарады. 

Жаңадан салынатын және реконструкциядан өтетін топтық су құбырларының жалпы ұзындығы 2000 шақырымнан асады. Құрылыс жұмыстарын алдағы екі жылда аяқтау жоспарланып отыр. 

"Құрылыс жұмыстары еліміздің 9 өңірінде жүріп жатыр. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстанда – 10 топтық су құбыры, Қызылорда облысында – 6, Ақмола облысында – 4, Алматы және Ұлытау облыстарында – 2 жобадан, Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарының әрқайсында 1 топтық су құбырларын салу және реконструкциялау жобасы жүзеге асырылуда", - деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу