А-5 санаты бойынша инвесторларға виза берудің шарты өзгерді

696

Енді инвесторлық визаны алуға өтінішті жеке тұлға да бере алады.

А-5 санаты бойынша инвесторларға виза берудің шарты өзгерді

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті инвесторлық виза алуға өтініш беру мерзімін elicense.kz портал арқылы электрондық түрде құжаттарды алған күннен бастап 5 жұмыс күніне дейін қысқартты, деп хабарлады "KAZAKH INVEST" ҰҚ баспасөз қызметі .

"Бұл ретте өтініш берушілер үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы құжаттарды қағаз түрінде беру мүмкіндігі сақталған: қарау мерзімі 11 жұмыс күнге дейін. Бұдан басқа, енді инвесторлық визаны алуға өтінішті жеке тұлға да бере алады",– деп жазылған хабарламада.

Инвесторлық визаларын Қазақстан аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері ала алады. Визаның бұл категориясында оның қолданылу мерзімі шеңберінде елде болу мерзімі бойынша шектеулер жоқ. Іскерлік визаның иесі Қазақстанда әрбір кіру кезінде 60 тәуліктен артық болмауы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, А-5 санатындағы инвесторлық визаны алу рәсімі 3 мемлекеттік қызметті қамтиды: ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің инвесторлық визаны алуға қолдаухаты, ҚР Ішкі істер министрлігінде шақыруды ресімдеу және Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінде инвесторлық визаны ұсыну.

Карантиндік шектеулер кезеңінде 2020 жылғы 11 мамырдан бастап ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында қабылданған ҚР Мемлекеттік шекарасынан өту тәртібі қолданылады. Оған сәйкес әрбір жеке жағдай үшін Қазақстанға келуге ведомствоаралық комиссияның шешімімен рұқсат етіледі. Шетелдік азаматтар елімізге карантиндік шараларды сақтай отырып кіре алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу