Ә.Жанғозин: "Болашақ" бағдарламасына тапсыратын ауылдық үміткерлерге IELTS балы төмендетілмек

866

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин "Болашақ" бағдарламасындағы бірқатар өзгерістерге тоқталды, деп жазады inbusiness.kz.  

Ә.Жанғозин: "Болашақ" бағдарламасына тапсыратын ауылдық үміткерлерге IELTS балы төмендетілмек Фото: dvinatoday.ru

Оның айтуынша, ауылдық үміткерлер үшін ағылшын тілінен IELTS емтиханының балы 6.0 балдан 5.0 балға дейін төмендету жоспарланып отыр. Бұдан бөлек оларға 1 жылдық тілдік дайындықтан өту мүмкіндігі де берілмек.

"Тағы бір өзгеріске келер болсақ, алдағы уақытта "Болашақ" стипендиясын қоса қаржыландыру механизмін іске қосу жоспарланып отыр. Яғни, үміткерде жоғары оқу орнынан, жұмыс берушіден немесе демеушіден үздік шетелдік университетте оқуға грант болса, бағдарлама екі жаққа ұшып қайтуды, визалық алымдарды, медициналық сақтандыруды, ай сайынғы стипендияны және оқу материалдарын сатып алуға жәрдемақыны өтейтін болады. Сонымен қатар, еңбекпен өтеу мерзімі 1 жылға дейін азайтылады. Бүгінде Fortune-500 әлемдік деңгейдегі үздік компанияларда тағылымдамадан өту үшін еңбекпен өтеу мерзімін шегеруге қатысты өзгертулерді де қарастырудамыз", - деді спикер орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кету керек, бұған дейін "Болашақ" бағдарламасы бойынша IT және инженерлік мамандықтарға бөлінетін грант саны артқанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу