Абай атындағы театрға жаңа директор тағайындалды

493

Лауазымға Амангелді Бахтинов тағайындалды.  

Абай атындағы театрға жаңа директор тағайындалды Фото: gov.kz

Амангелді Талғатбекұлы – театр өнері және мәдениет саласында үлкен тәжірибесі бар білікті маман.

‍1998-2001 Семейдегі М.Төлебаев атындағы музыкалық колледждің Актер өнері мамандығын профессор Дариға Тұранқұлованың класынан бітірді.

‍2011 жылы Б. Бейшеналиев атындағы Қырғыз мемлекеттік өнер институтының "Драмалық театрдың режиссеры" мамандығын бітірді.

Еңбек жолын 1999 жылдан Семей "Дариға-ай" жастар театрынан актерлық қызметінен бастады.

2008 жылғы "Дариға-ай" жастар театрының директоры болып тағайындалды.

2014 жылдан бастап Абай атындағы театр директорының орынбасары.

2022 жылғы 19 қыркүйегінен бастап Абай атындағы театр директорының міндетін атқарушы болып қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу