Абай даңғылын ұзарту жұмыстарының 70%-ы аяқталды

827

Шаһар басшысы метро мен магистральды жолдардың құрылыс қарқынын тексерді.

Абай даңғылын ұзарту жұмыстарының 70%-ы аяқталды

Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Наурызбай ауданындағы екі метро станциясының, инженерлік желілердің, Абай даңғылы мен Алатау көшесін ұзарту жұмыстарының қарқынын тексерді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазіргі кезде "Сарыарқа" мен "Достық" станцияларының құрылысы 80%-ға аяқталған. Бұл ретте Бақытжан Сағынтаев метро құрылысын белгіленген мерзімде аяқтау үшін бақылауды күшейтуді және қосымша жұмыс күшін жұмылдыру қажеттігін атап өтті.

"Алматының негізгі артерияларының бірі – Абай даңғылын ұзарту жұмыстары 70%-ға орындалды. Бақытжан Сағынтаев биылғы жылдың соңына дейін даңғылда көлік қозғалысын ашуды міндет етіп қойды. Жаңарған Абай даңғылы Райымбек даңғылымен түйісіп, Алатау көшесіне шығады. Қазір Алатау көшесінде асфальттың жоғарғы қабатын төсеу, тротуар мен велосипед жолдарына жарық жүйесін орнату, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Нысан шамамен 80%-ға дайын. Жұмысты толық аяқтау күзге жоспарланған", – деп хабарлады әкімдікте. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу