Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, апат 9 шілде күні таңертең Алматы – Өскемен автожолының 885-шақырымында, Жарма ауылының маңында болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Volkswagen Polo автокөлігінің жүргізушісі көлік басқару кезінде назарын басқа жаққа аударып, рөлге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Соның салдарынан Volvo жүк көлігімен соқтығысқан. Кейін жол-көлік оқиғасына Toyota Windom жеңіл автокөлігі мен DAF жүк көлігі де қатысқан", – делінген хабарламада.
Жол апаты салдарынан Volkswagen Polo көлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Тағы бірнеше адам түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.