Абай облысында 74 жастағы қария жоғалып кетті

233

 Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Абай облысында 74 жастағы қария жоғалып кетті Фото: Абай облысы полиция департаменті

Абай облысының Мақаншы ауылында 74 жастағы Сембай Тұраров бір аптаға жуық уақыттан бері із-түзсіз жоғалып кеткен.

Белгілі болғандай, қария 21 мамыр күні Жамбыл көшесіндегі үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған.

"Хабар түскен сәттен бастап полиция қызметкерлері іздестіру шараларын қолға алды. Алайда қазіргі уақытқа дейін қарияның қайда екені белгісіз", - делінген ресми мәліметте.

Полиция өкілдері Сембай Тұраровты көрген немесе оның жүрген жері туралы қандай да бір ақпары бар адамдарды Мақаншы аудандық полиция бөліміне, 102 нөміріне немесе 8 (722) 394-12-78 телефонына хабарласуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу