Абай облысында алтынды заңсыз өндіретін кен орын анықталды

682

Қылмыстық топтың мүшелері ұсталды, олардың арасында шетелдіктер де бар.  

Абай облысында алтынды заңсыз өндіретін кен орын анықталды Фото: polisia.kz

ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бөлімшелері Абай облысы Жарма ауданындағы “Еділбай” учаскесінде құрамында алтын бар материалды заңсыз өндірумен, өңдеумен, жер қойнауын өз бетінше пайдаланумен және заңсыз көші-қонды ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелген. Өткізілген іс-шаралар барысында Жаңғызтөбе кентінен 30 шақырым жерде құрамында алтын бар кенді қайта өңдеу бойынша 2 заңсыз цех таратылды.

13 “алтын іздеуші” ұсталды, оның ішінде 7-уі шетелдік. Іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде құрамында 100 тонна алтын бар кен, сондай-ақ 2 килограмнан астам жарылғыш (аммонит) және улы (сынап) заттар, сондай-ақ өндіруге қажетті жабдықтар табылып, тәркіленді.

Құрамында алтын бар материалды өндіру және қайта өңдеу бойынша “іздеушілер бригадасын” жинаған, заңсыз цехтардың иесі болып табылатын жергілікті тұрғын, қылмыстық топтың ұйымдастырушысы анықталды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу