Абай облысында аударылған жүк көлігінің жүргізушісі жүрек талмасынан көз жұмды

117

Сараптама қорытындысында жол апатына жүргізушінің жүрек талмасының ұстауы себеп болғаны көрсетілген.

Абай облысында аударылған жүк көлігінің жүргізушісі жүрек талмасынан көз жұмды

Абай облысында жүк көлігі жол шетіне шығып кетіп, аударылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі 2025 жылы 7 қазанда аталған жол көлік оқиғасының "Алматы – Өскемен" тас жолының 731-шақырымында болғанын нақтылады. 

"2025 жылғы 5 қазанда Volvo маркалы автокөлігін тізгіндеген 45 жастағы жүргізуші Алматы бағытына қарай келе жатқанда жолдың шетіне шығып кетіп, көлік аударылған. Оқиға салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Сараптама қорытындысына сәйкес, өлім себебі – инфаркт. Бұл қайғылы жағдай ұзақ жол тек кәсіби шеберлікті ғана емес, сонымен қатар физикалық төзімділікті, сабырлылық пен мұқияттылықты талап ететінін еске салады. Басқарусыз қалған ауыр жүк көлігі – жолдағы өзге жүргізушілер үшін үлкен қауіп", – делінген полиция хабарламасында.

Абай облысының тәртіп сақшылары мұндай оқиғалардың алдын алу мақсатында жедел жәрдем қызметімен бірлескен рейдтер өткізеді.

"Бекеттерде жүргізушілерге жолға шығар алдында медициналық тексеруден өту ұсынылады. Бұл тәжірибе шаршау немесе денсаулықтағы өзгерістерді ерте анықтап, ықтимал қайғылы жағдайлардың алдын алуға көмектеседі", – деді полиция өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу