Полиция 13 маусымда Абай облысында мәйіті табылған Сергей Архиповтың өлімінің себебін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, 1987 жылы туған Сергей Архипов жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болған.
Естеріңізге сала кетейік, Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны Сергей Николаевич Архипов 10 маусымда жоғалып кетті. Үш күннен кейін оның денесі қызметтік иттің көмегімен өртті сөндіру орнынан 50 шақырым жерден табылды.
"Ер адамның зорлық-зомбылықпен қайтыс болу белгілері, сондай-ақ оның от пен өрттен қайтыс болғанын көрсететін белгілер алғашқы тексеру кезінде табылған жоқ. Бұдан әрі жүргізілген сот-медициналық сараптамада ер адамның өлімі жедел жүрек жеткіліксіздігі - кардиомиопатия салдарынан болғандығы анықталды", - деді полиция.