Абай облысының полицейлері ҚР ІІМ арнайы бөлімшесінің көмегімен Жарма ауданындағы шахта аумағынан құрамында алтыны бар кенді ұрлауға әрекет жасаған топты тоқтатты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Олардың жанынан металл іздегіштер, респираторлар, кен тасуға арналған қаптар және шамамен құрамында 3 келі алтыны бар кен табылып, тәркіленді.
Келтірілген жалпы шығын 3 миллион теңгеден асты.
Аса ірі көлемдегі ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу