Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапты

269

Жеңіл көлік пен минивэн бетпе-бет соқтығысқан. 

Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапты Фото: Бейнежазбадан

Абай облысындағы Омбы – Майқапшағай халықаралық тас жолында жеңіл көлік пен минвен соқтығысып, үш адам ажал құшты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Екі адам оқиға орнында қаза тапса, тағы бір адам ауруханаға барар жолда көз жұмды. 

“25 жастағы Toyota көлігінің жүргізушісі мен 24 жастағы жолаушысы ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. 45 жастағы минивэн жүргізушісі ауруханаға бара жатқан жолда, жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Оның екі жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді”, – деп мәлімдеді полиция.

Соққының қатты болғаны соншалық көліктер мүжіліп қалған.

Жаңасемей ауданы полиция бөлімінің бастығы Рауан Шибутовтың айтуынша, қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық мән-жай анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу