Абай облысында немересімен бірге жоғалып кеткен ер адам табылды

394

59 жастағы ер адам мен 11 жасар ер бала дін аман.  

Абай облысында немересімен бірге жоғалып кеткен ер адам табылды Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Оларға дәрігерлердің көмегі керек болмаған, деп жазады inbusiness.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

"Абай облысындағы құтқарушылар жоғалып кеткен 59 жастағы ер адам мен 11 жастағы баланы тапты. Бүгін таңертең өңірдегі құтқарушылар 1965 жылы туған ер адам мен оның 2013 жылы туған немересін тауып, тікұшаққа отырғызды. Олар елді мекеннен 25 шақырым жерден табылды",  - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу