Абай облысында 50 жолаушы мінген автобус аударылып қалды

221

Жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру басталды.

Абай облысында 50 жолаушы мінген автобус аударылып қалды Фото: видеодан алынған кадр

Бұл туралы Облыстық полиция департаменті хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жол апаты Знаменка ауылы маңында болған.

"31 қаңтарда сағат 10:30-да "102" арнасына Семей–Қайнар автожолының 62-шақырымында, Знаменка ауылы маңында болған жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама түсті. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 52 жастағы жүргізуші басқарған SETRA маркалы жолаушылар автобусы жолдан шығып кетіп, кейін аударылған. Автобус салонында вахталық жұмысқа бара жатқан 50 жолаушы болған", – делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан жолаушылар өміріне қауіп төндірмейтін дене жарақатын алды. Барлық зардап шеккендерге уақтылы қажетті медициналық көмек көрсетілген.

Абай облысы Полиция департаменті аталған факт бойынша тексеру жұмыстарын бастады. Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу