Абай облысында жолаушылар автобусы мен джип көлігі соғысып, бір адам қаза тапты

487

Оқиға бүгін таңғы 5:30  шамасында болған. 

Абай облысында жолаушылар автобусы мен джип көлігі соғысып, бір адам қаза тапты

Үржар ауылына кіре берісте "Toyota  Land Cruser" маркалы көлігі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Салдарынан жол талғамайтын көлік пен автобус отқа оранған.

Автобус "Cемей-Мақаншы" бағытында  жолаушы тасымалдап бара жатқаны белгілі болды. Жанып жатқан көліктен 27 адам қауіпсіз жерге шығып үлгерген.

Ал джип көлігін сөндіру кезінде онда күйіп кеткен адамның денесі табылды. Қазір оның жеке басын растау жүргізіліп жатыр.

Автобус жүргізуші мен тағы бір жолаушы жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Абай облысы бойынша ТЖД баспасөз қызметі. Қазір тәртіп сақшылары оқыс оқиғаның мән-жайын анықтап, тексеру жүргізіп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу