Абай облысындағы барлық мектепке турникеттер орнатылады

449

Өңірде 303 мектеп болса, барлығы да бейнекамералармен жабдықталған.  

Абай облысындағы барлық мектепке турникеттер орнатылады Фото: inbusiness.kz

Облыс әкімінің орынбасары Шалқар Байбековтың төрағалығымен өңірдегі мектептердің қауіпсіздігіне қатысты кеңейтілген кеңес өтті. Жиынға полиция және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары, білім бөлімінің басшылары және мектеп директорлары қатысты, деп жазады inbusiness.kz.

Кеңес барысында мектептерді бақылау жүйелерімен жарақтандыру, түрлі төтенше жағдайлар кезінде қабылданып жатқан шаралар және мектептердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Алдағы уақытта бірқатар мектепте бақылау және ескерту жүйелері жаңартылып, талаптарға сәйкестендірілмек. Қазір аймақтағы 92 мектеп Абай облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығына шығарылған. Енді қалған білім ордаларын жүйеге қосу міндеті тұр. Оқу жылының соңына қарай қалған 4 мектепте турникет оқу орнату көзделген.

Ауданның бірқатар мектебі мамандандырылған күзетпен келісімшарт жасаған, ал қалған 8 мектеп конкурстық рәсімдерді аяқтайды.

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға білім беру ұйымдарына кіргізу режимін қатаң сақтау, мердігер ұйымдардың шарттық міндеттемелерін сапалы және уақтылы орындауын ерекше бақылауға алу және техникалық талаптарға сәйкес барлық бейнебақылау жүйелері мен құлақтандыру жүйелерін ауыстыру бойынша жұмыстарды аяқтау қажеттігі жөнінде тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, мектептердегі қауіпсіздік мәселесі Петропавл қаласында болған қайғылы оқиғадан соң күнтәртібіне шықты. Осыдан кейін Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгіновтың елдегі барлық мектептерде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырма берген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу