Абай облысындағы мектеп-интернатында 13 жастағы оқушы қайтыс болды

739

Бала аяқ астынан есінен танып қалған. 

Абай облысындағы мектеп-интернатында 13 жастағы оқушы қайтыс болды Фото: google

Семей қаласындағы № 6 арнайы мектеп-интернатында 13 жастағы оқушы түскі ас кезінде қайтыс болды. Қайғылы оқиға 7 сәуірде болған.

Абай облысы білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, бала мектеп асханасында түскі ас ішіп отырған. Сол жерде аяқ астынан есінен танып қалған. Тез арада алғашқы медициналық жәрдем көрсетілген. Өкінішке қарай жедел жәрдем келгенше бала қайтыс болып кеткен.

Семей қаласының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның 2016 жылғы 13 қаңтардағы қорытындысы негізінде балада "Жеңіл ақыл-ой кемістігі" деген диагнозымен интернатта білім алған.

- Баланың денсаулығы жақсы болған. Ешқашан денсаулығына қатысты шағым болмаған. Бірақ суық тию ауруларымен ауырған. Аптаның дүйсенбісінен жұмасына дейін №6 арнайы мектеп интернатта жатып оқыған. Демалыс күндері анасы үйіне алып кетіп отырған. Экспертизаның қорытындысы "Тыныс алу жолдарының тамақ массаларымен жабылуына байланысты механикалық асфиксия". Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде, - дейді Абай облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Әсем Хасенқызы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу