Абай облысының орманшылары өртенген орманға әлі санақ жүргізу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қызыл жалын шарпыған аумақ тым үлкен болғандықтан мамандар үлгермей жатыр.
Естеріңізге сала кетейік биыл жазда "Семей орманы" табиғи орман резерватында 63 мың гектар қарағайлы алқап отқа оранған болатын. Орманшылар жанған жер тым үлкен болғандықтан санақ 5 жылға дейін созылуы мүмкін дейді.
- Оқу орындары бар, көмекке кім келеді?Волонтерлер бар. Соның бәрін тартып. Солар арқылы үлкен проблеманы шешу керек. Мынау біздің ғана проблема емес, бүкіл Қазақстанның проблемасы болып тұр қазір. Қазіргі таңда мына "Семей орманының" бар техникасымен мынаны бізге игеру деген өте ауыр түсіп тұр. Мынаны біз өз күшімізбен игере алмаймыз, - дейді "Семей орманы" табиғи резерваты бас директорының орынбасары Ғани Алпысшалов.
Ресми ақпаратқа сүйенсек осы күнге дейін 900 гектар алқап есепке алынды. Бірақ осыншама аумақтағы қайта қалпына келтіру жұмыстары тек бір мекеменің ғана қолынан келмейтіні анық.