Абай облысындағы жол апатынан кейін Президент тапсырмасымен әскери ұшақ аттанды

100

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ұшақ бортында реаниматолог, нейрохирург және травматологтан құралған арнайы медициналық бригада болған. 

Абай облысындағы жол апатынан кейін Президент тапсырмасымен әскери ұшақ аттанды Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Қайғылы оқиға Бестерек ауылында тіркелген, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Алдын ала деректерге сәйкес, 55 жастағы Toyota жүргізушісі рөлге ие бола алмай, үй қақпасының маңында тұрған кәмелетке толмаған балаларды қағып кеткен.

Полицияның хабарлауынша, жол апаты салдарынан екі бала оқиға орнында қаза тапқан, тағы біреуі ауруханаға жеткізу кезінде көз жұмған. Үш жасөспірім түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.

Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сараптама оның апат кезінде мас болмағанын анықтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу