Абай облысының құтқарушылары қар құрсауында қалған адамдарға көмектесті

478

Оның ішінде балалар бар. 

Абай облысының құтқарушылары қар құрсауында қалған адамдарға көмектесті Фото: gov.kz

Абай облысының құтқарушылары қар құрсауында қалған адамдарға көмектесті, деп жазады inbusiness.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

15 қаңтар күні таңғы уақытта "112" пультіне Сұлусары ауылы аумағында Өскемен-Алматы тас жолында бірнеше көлік қар құрсауында қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. 6 адам, оның ішінде 4 бала эвакуациялауды қажет еткен.

"Оқиға орнына №14 өрт сөндіру бөлімі жеке құрамынан 3 адам және өтімділігі жоғары "КУНГ" техникасымен жіберілді. Жол бойында қар құрсауында қалған жеңіл көліктерден 7 адам құтқарылды, оның ішінде 2 бала бар", - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмаған. 

Қалбатау ауылына келгеннен кейін адамдар "Арнау" қонақ үйіне орналастырылды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу