Абу-Даби миллиардерлер үшін жаңа тартымды орталыққа айналды

336

Қала құпиялылыққа, активтерді қорғауға және төмен салықтарға кепілдік беру арқылы кәсіпкерлерді тартады. 

Абу-Даби миллиардерлер үшін жаңа тартымды орталыққа айналды Фото: freepik

Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Даби қаласы миллиардерлер үшін жаңа "баспана" болды. 2017 жылдан бері әмірлікте тіркелген компаниялар саны 100 есеге өсті. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметі бойынша, Абу-Даби құпиялылыққа, активтерді қорғауға және төмен салықтарға кепілдік беру арқылы кәсіпкерлерді тартады. Сонымен қатар, БАӘ билігі аймаққа ірі инвестиция салатын инвесторларға ұзақ мерзімде тұруға рұқсат береді. Сондай-ақ, Британдық Виргин аралдары сияқты бизнесмендерге арналған басқа да тартымды орталықтардың танымалдығы соңғы уақытта азайып келеді.

M/HQ консалтингтік фирмасы есептегендей, қазіргі уақытта, Абу-Даби аймағында 5 мыңнан астам жеке компания тіркелген. 2016 жылы олардың саны елуге жуық болды. Жақында, БАӘ астанасына Binance криптовалюта биржасының негізін қалаушысы Чанпэн Чжао, қаржыгер Рэй Далио және ресейлік миллиардер Владимир Лисин сияқты ірі бизнесмендер қызығушылық танытты.

Бұдан бөлек, активтерді сақтаудың ыңғайлы шарттарынан басқа, бірқатар инвесторлар БАӘ-ге корольдік отбасы өкілдерімен байланыс орнату мүмкіндігімен тартылады. Атап айтқанда, миллиардерлер ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші және Таяу Шығыс мемлекеті президентінің ағасы шейх Тахнун бен Заид әл Нахаянмен байланыс орнатуға үміт артып отыр.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, соңғы жарты жылда шейхтің бақылауындағы компаниялар Абу-Даби аймағында бірнеше еншілес фирмаларды құрған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу