Абу-Дабиден сәлем жолдаған шәкірт

476

Богдан Загрибельный – әлемдік химия олимпиадасының күміс жүлдегері. 

Абу-Дабиден сәлем жолдаған шәкірт Фото: Алтынбек Қартабай

Бүгінде Абу-Даби қаласындағы жасанды интеллект саласы бойынша әлемдегі жетекші компаниялардың бірінде жұмыс істеп жүрген Жамбыл облысының түлегі Богдан Загрибельный Jambyl телеарнасы арқылы тікелей эфирде өңір ұстаздарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

2012-2013 жылдары өткен Халықаралық Менделеев, Ломоносов олимпиадаларында олжа салған жамбылдық оқушы. М.Ломаносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін химия факультетін тәмамдаған. Осы университеттің аспирантурасын бітірген.

Қазіргі таңда шетелде еңбек етіп жүрсе де, отандық білім саласының дамуына өз үлесін қосып жүр.

"Былтыр химия пәні бойынша республикалық олимпиадада әділ қазылар алқасының құрамында болдым. Аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі химия олимпиадасының сұрақтарын әзірледім. 2023-2024 оқу жылында өтетін олимпиадада менің дайындаған тапсырмалар енгізіледі. Осылайша, шет жерде жүрсем де, елден қол үзген жоқпын", - дейді Богдан.

Жамбыл жерінің түлегі сонау кездегі мектепте алған білімнің ғылым жолында көп көмегі тиіп келе жатқанын айтады.

"Біздің дүниежүзілік олимпиадаларда зор жетістіктерге жетуімізге сол жылдардағы облыстың білім басқармасын басқарған Сұлушаш Құрманбекованың тікелей ықпалы көп болды. Өзімнің химия пәнінің мұғалімі Татьяна Кимнің сіңірген еңбегі де өлшеусіз. Мен ол шақты қазақстандық оқушылардың алтын кезеңі деп есептеймін", - деп естелігімен бөлісті жас ғалым.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу