"Абыройынан айырылған": Шымкентте 7 қыздың ісі сотта қаралған

1144

Өткен жылы Шымкентте "Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау" бабымен 7 жасөспірім қызға қатысты іс қалалық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған. Оның екеуі жүкті болып қалған.  

"Абыройынан айырылған": Шымкентте 7 қыздың ісі сотта қаралған

Сот төрағасы Дәурен Сайхановтың айтуынша, 7 қыздың бірі 16 жаста болған. Онымен төсектес болған 30 жастағы ер азамат 2,5 жылға бас бостандығынан айырылыпты. Ал 15 жастағы тағы бір жасөспірім және онымен жыныстық қарым-қатынаста болған 19-дағы жігіттің ата-аналары өзара келісіп, шаңырақ көтеріпті. Сондықтан оған шартты түрде жаза берілген екен.

Шымкент қалалық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы он екіде бір гүлі ашылмаған қыздардың "абыройынан" айырылуы аңғалдықтың салдарынан дейді. Себебі ер азаматтар оларды алдап-арбап, тіпті сыйлықтар беріп, арбауына түсіреді екен. Бұдан өзге сот төрағасы мұндай жағдайдың алдын алуға отбасындағы тәрбиенің  әсері мол екенін алға тартады. 

"Бұл  үлкен мәселе. Мынау істерді қарап отырмыз, көбінесе қыздар аналарына жақын болмайды-ау деп ойлаймын. Аналары сырласпайды. "Аалданып қалма" деп ақыл-кеңесін айтып отыру отбасында ата-ананың міндеті. Себебі мектеп өз жұмысын атқарып отыр", - деді Дәурен Сайханов.

Жансая Тәуекелқызы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу