Абзал Құспан Ә.Смайыловтың кандидатурасы туралы: "Жақтаушылардың қатарында болмадым"

1813

Төменгі палатаның жалпы отырысында Үкімет басшысы лауазымына ұсынылған Әлихан Смайыловтың кандидатурасын 82 депутат жақтаса, сегізі дауыс беруден қалыс қалған. Тағы 7 депутат қарсы шықты.  

Абзал Құспан Ә.Смайыловтың кандидатурасы туралы: "Жақтаушылардың қатарында болмадым" Фото: inbusiness.kz

Мәжіліс кулуарында БАҚ өкілдері депутат Абзал Құспаннан бұл кандидатураны қолдады ма деп сұрады, деп жазады inbusiness.kz.

"Жоқ, мен жақтаушылардың қатарында болған жоқпын. Қарсылардың тарапынанмын", - деді депутат.

Халық қалаулысы өзінің ешбір партия мен фракцияда жоқ екенін еске салды.

"Бірақ болашақта, шын мәнінде де, Премьер-Министр Мәжіліс депутаттарының алдына келіп есеп беретін болса, мүмкін фракциялық қадағалаушы топқа қосылатын шығармын деп ойлаймын", - деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін ЖСДП Әлихан Смайыловтың кандидатурасына қарсы болғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу