Адам қағып, қашып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды

677

Алматы-Ташкент-Термез тас жолының бойында жол-көлік оқиғасы болып, соның салдарынан жаяу жүргінші көз жұмды. Бұл туралы Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Адам қағып, қашып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды

Түркістан облысы, Сайрам аудандық полиция басқармасының  кезекші бөліміне түнгі уақытта жол көлік оқиғасы болғаны туарлы хабарлама келіп түседі. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері белгісіз көліктің жүргізушісі жолды кесіп өтпек болған тұрғынды қағып, соңынан қашып кеткенін анықтады. Апат салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмады.

"Адам қағып кетіп, қашып кеткен жүргізушіні ұстау мақсатында Сайрам
аудандық полиция басқармасы қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралар кешені жүргізілді. Қолға алынған жұмыстардың нәтижесінде тәрттіп сақшылары кінәлі жүргізушіні қолға түсіріп, қамауға алды", – делінген баспасөз хабарламасында.

Тексеру барысында анықталғандай, Ташкент бағытына қарай кетіп бара жатқан "Мерседес-Бенс" маркалы жүк көлігінің жүргізушісі белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған Алматы қаласының тұрғынын қағып кеткен.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу