Адам құқықтары жөніндегі уәкіл бұдан былай Конституциялық сотқа жүгіне алады, олардың шақыруы бойынша басқа мемлекеттерде адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуына байқаушы ретінде әрекет ете алады, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарға және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне кедергісіз бара алады, деп жазады inbusiness.kz.
Мұндай нормалар мәжілістің жалпы отырысы барысында бірінші оқылымда мақұлданды. Конституциялық заң жобасы "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" деп аталады. Заң жобасын Әділет министрі Қанат Мусин таныстырды.
Айта кетейік, елде Конституциялық кеңестің орынына Конституциялық сот құрылады. Ол туралы заң жобасын депутаттар әзірге бірінші оқылымда мақұлдады.