Адам саудасымен күрес бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

324

Адам саудасы әлемде есірткі мен контрафактілік өнімдердің заңсыз айналымынан кейін үшінші орында тұр.

Адам саудасымен күрес бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Фото: canva.com

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті мүшелерінің отырысында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Салтанат Тұрсынбекова баяндама жасады. Кездесу барысында Қазақстандағы еңбек мигранттары мен адам саудасы құрбандарының құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Салтанат Тұрсынбекова "Қазақстандағы еңбек мигранттары мен адам саудасы құрбандарының құқықтарын қорғауды күшейту" тақырыбындағы баяндамасында халықаралық тәжірибеде адам саудасымен күрес адам құқықтарын қорғау саласындағы басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, адам саудасы әлемде есірткі мен контрафактілік өнімдердің заңсыз айналымынан кейін үшінші орында тұр.

Оның үстіне, БҰҰ мәліметінше, бұл қылмыстың құрбандары көбінесе әйелдер, балалар және мүгедектер.

"Қазақстанда осы проблеманың таралуына мигранттар ағыны ықпал етуде. Бүгінгі таңда еңбек мигранттары Қазақстанның барлық аймағы мен экономикасының салаларында еңбек етіп жатыр. Мигранттар келетін негізгі елдер: Қытай – 3944 адам (27,8%), Өзбекстан – 1714 адам (12,1%), Үндістан – 1326 адам (9,3%), Түркия – 1288 адам (9,1%)", – деді Салтанат Тұрсынбекова.

Ұлттық орталық басшысы мигранттардың құқықтарының бұзылуына ықпал ететін және адам саудасына байланысты қылмыстарды жасаудың алғышарты болып саналатын бірқатар жүйелі проблемаларға тоқталды. Олардың қатарында Қазақстандағы нақты тұрғылықты жері бойынша тіркеу мәселесі, жұмыс берушілердің еңбекақы төлеудегі проблемалары, еңбек мигранттарының жоғары тәуекелдері және олармен әділетсіз қарым-қатынас пен зорлық-зомбылыққа осалдығы, Қазақстанда жұмыс берушілер мәртебесін заңнамалық реттеудің жоқтығы кіреді. Сол себептен шетел азаматтарына көші-қон саласында кәсіби қызмет көрсетуге қабілетті консультанттар қажет.

"Бүгінде Қазақстан аумағында көші-қон бойынша кеңес беретін институт құру қажет, ол біздің республика аумағына заңсыз көші-қонның, сондай-ақ жұмыс берушілер тарапынан мигранттардың құқықтарын бұзудың алдын алуға әкеп соғады", - деп атап өтті Адам құқықтары ұлттық орталықтың басшысы.

Оның пайымынша, мәжбүрлі еңбек жағдайларын анықтау, шекаралық ынтымақтастық және өңірлік әрі жаһандық деңгейде үйлестіру, мемлекет пен азаматтық әріптестік саласындағы бақылау, қадағалау және іс-қимылдарды үйлестіру тетігі саласындағы еңбек инспекциясының өкілеттігін анықтау, қоғам мен халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру және адам саудасының әлеуетті құрбандарының цифрлық технологияларға қолжетімділігін қамтамасыз ету аса маңызды.

Сонымен қатар, Салтанат Тұрсынбекова уәкілетті мемлекеттік органдар ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтіп, бірлескен ақпараттық науқандар жүргізіп, бұл жұмысқа үкіметтік емес ұйымдарды, соның ішінде Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықты тарту қажеттігін баса айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу