АЭС бойынша референдумды өткізуге қанша қаржы кетеді? - министр жауабы

590

ОСК ең әуелі референдумды өткізу бойынша Қаржы министрлігіне тиісті тапсырыс беруі қажет.

АЭС бойынша референдумды өткізуге қанша қаржы кетеді? - министр жауабы Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Орталық сайлау комиссиясы ең әуелі бюджеттің процесі бойынша бізге тиісті тапсырыс береді. Осындай қаражат керек дегендей. Бұл есептеулерді алмай тұрып, қанша кетеді дегенді қалай айта аламын", - деді министр Мәжіліс кулуарында.

Айта кету керек, былтыр Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша референдумға 16,4 млрд теңге жұмсалған болатын.

Ерұлан Жамаубаев бұл сомадан аз кетуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

"Мүмкін одан аз болар. Үлкен қаражат кетеді деп ойламаймын", - деді ведомство басшысы.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында АЭС салу немесе салмау мәселесі жалпыұлттық референдум арқылы шешілетінін айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу