АЭС толық жұмыс істеуі үшін атом энергетикасы саласында жоғары білімі бар 400 қызметкер қажет

232

Бұл туралы "Ядролық физика институты" РМК Бас директоры Саябек Сахиев Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша көпшілік талқылау барысында айтты.

АЭС толық жұмыс істеуі үшін атом энергетикасы саласында жоғары білімі бар 400 қызметкер қажет

Халықаралық тәжірибеге сәйкес, атом энергетикасы объектілері үшін мамандарға қажеттілік шамамен 2000 адамды құрайды, оның 1600-і жедел персонал. Мұндай нысандардың толыққанды жұмыс істеуі үшін атом энергетикасы саласында жоғары білімі бар 400 қызметкер қажет. Бұл туралы "Ядролық физика институты" РМК Бас директоры Саябек Сахиев Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша көпшілік талқылау барысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Атом энергетикасы саласындағы қажетті мамандар Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Астанада Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде және Өскемендегі екі университетте даярланатын болады. Қазіргі уақытта 1649  студент "Ядролық физика", "Ядролық энергетикаға арналған материалдар" және "Ядролық физика және атом энергетикасы"бағыттары бойынша оқудан өтті. Осы мамандықтар бойынша оқитын студенттер негізгі тәжірибеден өту үшін Ядролық физика институты мен Ұлттық ядро орталығын таңдай алады. Біздің институт 30-дан астам халықаралық ғылыми орталықтармен және оқу орындарымен ынтымақтасады", - деді Саябек Сахиев.                   

Еске сала кетейік, осыған дейін атом энергетикасы объектілері үшін мамандарға қажеттілік шамамен 2000 адамды құрайтыны туралы айтылды. Оның ішінде 1600-і жедел персонал қатарында болады. Жалпы АЭС толық жұмыс істеуі үшін жоғары білімі бар 400 қызметкер қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу