Афиныдағы билікке қарсы шеруге 90 000 адам қатысты

519

Грекиядағы толқулар күн санап ушығып барады. 

Афиныдағы билікке қарсы шеруге 90 000 адам қатысты Фото: РИА Новости

Соңғы мәліметтерге сәйкес, ел астанасы Афинаның орталық көшелеріне, 90 мыңға жуық адам шыққан. Олар полицияға Молотов коктейльдерін лақтыра бастаған, ал тәртіп сақшылары жауап ретінде, көз жасаурататын газ қолданыпты. Шерушілер биліктен өткен аптада болған теміржол апатының нақты себебін анықтауды талап етуде.

Еске сала кетсек, Афины мен Салоники қаласының ортасында, жолаушылар поезы мен жүк пойызы бетпе бет келіп соқтығысып, салдарынан 57 адам қайтыс болған. Олардың көпшілігі демалыстан, оқуға бара жатқан студенттер еді. Ондаған адам ауыр жарақат алды. Билік, апат, теміржол қызметкерлерінің қателігінен болды деп, сала министрін қызметінен босатты, бірнеше шенеунік тұтқынға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу