Грекияда екі пойыз соқтығысып 16 адам қаза тапты

495

Апат Афинадан солтүстік-батысқа қарай 230 шақырым жерде орналасқан Евангелисмос қаласына жақын жерде болған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Грекияда екі пойыз соқтығысып 16 адам қаза тапты Фото: ertnews.gr

Сәрсенбі күні таңертең Грекияның солтүстігінде жолаушылар мен жүк пойызының соқтығысуы салдарынан кем дегенде 16 адам қаза тапты, деп хабарлайды BNO News.

"Евангелисмоста екі пойыз бетпе-бет соқтығысты: жүк пойызы мен Афиныдан Салоникиге кеткен IC 62 пойызы", - дейді Hellenic Train операторы.

Апат салдарынан бірнеше пойыз вагоны рельстен шығып, кейбірі өртеніп кеткен.

Өрт сөндіру бөлімінің өкілі апаттан кемінде 16 адамның қаза тапқанын айтты. Тағы 85 адам жарақат алды, оның ішінде 25-і ауыр.

Hellenic Train операторының айтуынша, жолаушылар пойызында кемінде 350 адам болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу