Ағаштарды кесу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

667

Алматы қалалық прокуратурасы "Sulpak" дүкеніне іргелес аумақты абаттандыру кезінде ағаштарды заңсыз кесу фактісіне қатысты пікір білдірді. 

Ағаштарды кесу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

"Уәкілетті мемлекеттік органдар аталған ағаштарды кесуге рұқсат бермегені анықталды. Аталған факті бойынша Алматы қаласының табиғатты қорғау прокуратурасы ҚР ҚК-нің 340-бабы (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Тергеу барысында тиісті сараптамалар тағайындалады, оның нәтижелері бойынша залал бағаланады және құқықтық баға беріледі. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Алматы қаласы прокуратурасының бақылауында", – деп жазылған хабарламада. 

Еске сала кетсек, 23 қараша түнгі сағат төрт шамасында Алматыдағы Әуезов пен Төле би көшелерінің қиылысында көп жылдан бері өсіп тұрған 10-нан астам ағаш келісіп, бұл жайт желіде қызу талқыға түскен болатын. Кейін атаған жайтқа Мемлекет басшысы назар аударып, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа осы жағдайға байланысты қызметтік тексеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу