"Ағасы інісін құтқарамын деген": Түркістанда бір үйдің екі баласы суға батып кетті

525

Екі баланың денесі Келес өзенінің жағасынан табылған.   

"Ағасы інісін құтқарамын деген": Түркістанда бір үйдің екі баласы суға батып кетті Фото: stan.kz

Түркістан облысының тұрғыны бір күнде қос перзентінен айырылып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Бұған дейін  Еңбекші ауылындағы Ошақты каналына бір үйдің екі баласы ағып кеткенін жазған едік.

БАҚ-тың хабарлауынша, қайғылы оқиға болар күні балалардың анасы жұмысқа таң атпай кеткен. Артынша күйеуі де нәпақа табуға шыққан. Балаларға үйдің үлкен қызы бас-көз болған.

"Маған қиын, бір күнде екі баладан айырылдым. Бір күнде екі табыт шығару... Ондай деп ойламаған едім. Жеті баламды қуанып өсірген едім. (…) Мен бір ұлым деп ойладым. Жұмыстан жүгіріп келіп, каналдың жанында ойбайлап жүгіріп жүр едім. Әкімшіліктен Дәурен деген бала келіп, сабыр етіңіз дегенде алтыншы балам Юсуфахметтен де айрылып қалдық деді. Ағасы інісін құтқарамын деген ғой. Інісінің мойнынан құшақтап алып, сол күйі кетіп қалған. Кеше інісін тапты. Сол күні ағасын тапты. Талабым – каналды қоршап, жапсын", – деді балалардың анасы Айгүл Тамашева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу